«Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында №53 орта мектепте кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және Тәртіп» идеясын түсіндіру аясында «Тәртіпті өзіңне баста!» тақырыбында №53 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты адалдық, парасаттылық, әділдік, сондай-ақ құқық тәртібі қағидаларын, заңдарды сақтаудың және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын жеткізу.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің қызметкері А.Ажибаев қатысып, оқушыларға білімді әрі тәрбиелі, заңды сақтайтын адал азамат болудың маңызды тұстарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, нашақорлық пен лудомания, құқықбұзушылық және оның зиянды жақтары жайында айтылды.

Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларына құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсінуге және оларға заңды құрметтеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/982348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді