Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Талдықорған қалалық мәслихатының №12 сайлау округінен сайланған депутаты Анар Досмұханқызы Исаева Самал шағынауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, аулаларды абаттандыру, газдандыру және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Халық қалаулысы көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/981425?lang=kk

Жауап қалдыру