Талдықорған қалалық мәслихатының №8 сайлау округінен сайланған депутаты Ақжаркенова Роза Хаджи-Ахметқызы өз округінде абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінген қаражат есебінен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Аралау барысында Қаратал шағынауданының №44 және №45 үйлерінің аулаларына барылды. Бұл аумақта аулаларды абаттандыру және балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйымның мәліметінше, бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, тұрғын үйлерге жақын орналасқан газгольдерлерге назар аударылды. Олар тұрғындар үшін ықтимал қауіп көзі болып табылады.
Аралау кезінде бұған дейін отырғызылған көшеттердің бір бөлігі биылғы жылы жерсінбей қалғаны анықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/981428?lang=kk

Жауап қалдыру