
Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың бастамасымен 23-сәуір Қазақстанда Ұлттық кітап күні болып жарияланды.
Осыған орай, 23-сәуір күні қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағында осы күнге арналған «Open Air» атты кітап фестивалі өтті
Қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесі мүмкіндігінше жаңа оқырмандарды тарту, оларды қалалық кітапханалардың жұмысымен таныстыру мақсатында ашық ауада аталмыш фестивальді ұйымдастырып, өткізді.
Қалалық саябаққа кіре берістегі аумақ мерекелік безендіріліп, «Кітаппен бір күн» жалпы атаумен аталып, алты тақырыптық алаңға бөлінді. Әр алаң өзінің ерекше форматын ұсынды: жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, әдеби викториналар, жазушылармен кездесулер, олардың шығармаларына негізделген театрландырылған қойылымдар, сондай-ақ ашық ауада кітап оқу.
Ең жас қатысушылар үшін “Ғажайыптар елі” атты балалар аймағы ұйымдастырылды. Мұнда балалар әдеби ізденістерге толы шараға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Фестиваль «Асыл мұра» халық би ансамблінің орындауындағы «Әлем әуені» жарқын биімен ашылып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Іс-шара қатысушыларын аталмыш мерекемен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Уразбаева, жазушы, журналист Серік Жетпісқалиев, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.
Фестиваль шабыт, шығармашылық және кітапқа деген сүйіспеншілік атмосферасында өтті. Бұл мәдени шара қала тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналып, кітаптың қоғам өміріндегі маңызды бөлігі болып қала беретіндігінің айқын дәлелі болды. Мереке «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/982396?lang=kk

Жауап қалдыру