«Үздіктер салтанаты»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қарағайлы ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында өткен Кітап апталығының жабылу салтанаты өтті. Апталықтың қорытындысы ретінде ұйымдастырылған «Үздіктер салтанаты» мерекелік іс-шарасы оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын жандандыруға арналды. Бағдарлама барысында кітап көрмесі, әдеби қойылымдар, ән мен би, викториналар және квест ойындары өтті. Балалар өздерінің шығармашылығын танытып, белсенділік көрсетті. Іс-шара соңында үздік қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/982124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді