
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мұқыр ауылының кітапханасында «Ұлы жеңіс:Ерлікке тағзым» атты кең көлемде көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың портреттері, соғыс туралы жазылған кітаптар, және ауылымыздың соғыс ардагерлерінің өмірбаяндары қойылды.
Көрмеге, Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер», «Жеңіс туын желбіреткен Рахымжан Қошқарбаев», «Сағадат Нұрмағамбетов халық қаһарманы», «Әлияның әні» кітаптары мен толықтырылды.
Көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары 5-сынып оқушылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/982070?lang=kk

Жауап қалдыру