Жас құтқарушылар слеті Успен ауданында өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

50-ден астам оқушы өрт, су қауіпсіздігі туралы білімдерін тексерді. Жарыстың негізгі мақсаты-төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау болып табылды. Слетке 6 команда, 52 оқушы қатысты.

Жыл сайынғы жарыстар балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, Төтенше жағдайлар кезінде ден қою дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар үшін әр кезең қызықты болды. Балалар бар күш-жігерін салып, білімдерін тексерді.

Іс-шара Білім бөлімімен және Жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/982129?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді