
Ауыл тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құланды ауылында жол қозғалысын реттейтін жаңа жол қауіпсіздік белгілері орнатылды.
Атап айтқанда, келесі белгілер орнатылды:
Жаяу жүргіншілер өткелі
Жылдамдықты шектеу белгілері
Тоқтау мен тұрақтауға тыйым салатын белгілер
Балалар мекемесі маңында ескерту белгілері т.б.
Бұл шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Барша жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден орнатылған жол белгілерін қатаң сақтауын сұраймыз. Жолда жүру ережелерін сақтау өзіңіздің және өзгелердің өмірін қорғау екенін еске саламыз.
Құланды әкімшілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-karakiya-kulandy/press/news/details/982258?lang=kk

Жауап қалдыру