
2025 жылдың 18 сәуір күні Қарағанды облысы Әділет департаментінің мамандары, адвокат, нотариус құрамындағы ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық–атқару жүйесі комитеті «№31 мекемесі» РММ-де қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша құқықтық түсініктеме өткізді. Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан адамдар атқарушылық іс жүргізу, некені қиюды және бұзуды тіркеу, сенімхат рәсімдеу, әке болуды анықтау, азаматтық алу мәселелері бойынша жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/983426?lang=kk
Жауап қалдыру