
Құрметті Ордабасы ауданының тұрғындары!
Әлемдік қауымдастықтың жыл сайын атап өтетін 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Ордабасы аудандық “Мансап орталығы”филиалының ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараның мақсаты – жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбек қатынастарында қауіпсіздік пен заңдылықты насихаттау.
Жәрмеңкеде түрлі саладағы мекемелер мен ұйымдар тарапынан бос жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік аласыз!
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/984172?lang=kk

Жауап қалдыру