
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Авициялық оқу- жаттығу орталығы» ЖШС-і қызметкерлерінің 2025 жылғы медициналық тексеру нәтижелерін қорытуға қатысты.
Отырыс Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының №1 Емеханасы» КМК ұйымдастырылып, жоғарыда аталған мекеменің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Қорыту нәтижесі бойынша мамандар медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуына, сапасы мен уақтылы өткізілуіне, және де қорытынды актіні дайындауды жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстар берді. Отырыс барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/984139?lang=kk

Жауап қалдыру