Әскерге шақыру пункттерінің инфрақұрылымы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 22–25 сәуір аралығында Басқарма басшысы Ерлан Бейсенұлы Байзақ, Жамбыл, Жуалы және Талас аудандарына іс-сапармен барып, Облыс әкімі бекіткен 2025–2026 жылдарға арналған жол картасына сәйкес әскерге шақыру пункттерінің жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жан-жақты бақылады.
Іс-сапар барысында:
* Нысандардың материалдық-техникалық базасы мен ғимараттардың жай-күйі,
* Қызмет көрсету шарттарының қолайлылығы мен сапасы,
* Арнайы ұйымдардың жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындауы жан-жақты зерделенді.
Әскерге шақыру аясында жоспарланған жұмыстардың сапасы мен нәтижелілігін арттыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктелді.
Басқарма басшысы аталған бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, жол картада белгіленген шараларды уақытылы іске асыру және шарттық міндеттемелерді толық орындау жөнінде нақты нұсқау берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/983436?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді