Алматы облысында ТЖД қызметкерлеріне арналған «Көңілді ұжым» атты тимбилдинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы ТЖД-ның ұйымдастыруымен Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы үшін «Көңілді ұжым» тақырыбында тимбилдинг шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – ұжым ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, күйзелістің алдын алу және сенімді арттыру.

Бағдарлама аясында психиатр, суицидолог мамандардың қатысуымен тәуелділікпен күрес, күйзелісті еңсеру бойынша дәрістер, тесттер және жеке кеңестер өткізілді. Ал екінші бөлімде табиғат аясында ұжымдық ойындар, би және ән терапиясы ұйымдастырылып, қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы мен командалық рухы нығайтылды.

Алматы облысының ТЖД 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/984414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді