
Талдау бірнеше негізгі бағыттарды қамтыды, олардың ішінде — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, бақылау-қадағалау қызметі (тексерулерді, тергеулерді, бақылау сатып алуларын тіркеу және жүргізу), сондай-ақ прокуратура органдары тарапынан тексерулерді тіркеуден бас тарту жағдайлары бар.
Әкімшілік практика мәселелеріне де ерекше назар аударылды, атап айтқанда жеке, лауазымды және заңды тұлғалардың кінәсін белгілеудің заңдылығына, сондай-ақ талап-арыз жұмысының сапасына, оның ішінде ведомствоның пайдасына шешілген істерге.
Сонымен қатар, мамандар мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін талдады: мерзімдердің сақталуы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды дұрыс ресімдеу, қызмет көрсетуден заңсыз бас тарту фактілері және мемлекеттік қызмет көрсетудің жасырын түрдегі жағдайлары қаралды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Департамент басшысының орынбасары Қанат Исқақов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі жұмысының заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша ведомство жұмысының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/985408?lang=kk

Жауап қалдыру