
Ақсай ауылдық округінің 3 елді мекені бар. Халық саны 19 000 адамды құрайды:
Ақсай ауылы – 10866 адам, 1713 аула орналасқан, жер көлемі – 1523 га;
Екпінді ауылы – 6576 адам, 1046 аула орналасқан, жер көлемі – 388 га;
Жауғашты ауылы – 1558 адам, 319 аула орналасқан, жер көлемі – 158 га.
Ақсай ауылы аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықты орналасқан.
Округімізде 14 саяжай бар, халық саны 8 541 адам, жер көлемі – 317 га.
Ақсай ауылдық округінің жалпы жер көлемі 64921 гектар құрайды.
Ауыл шаруашылығы
Ақсай ауылдық округінің негізі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Ақсай ауылдық округі бойынша ауылшаруашылық жер 62852 гектар. Оның ішінде 45226 гектар – жайылым, 17614 гектар егістік жерлер, осы егістіктің 2738 гектар суармалы жер. Ауылдық округ аумағында 1-АҚ, 17-ЖШС, сонымен қатар 149 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде өсімдік шаруашылығымен – 74 ШҚ, мал шаруашылығымен -75 ШҚ айналысады.
2024 жылы округ бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 10581 га жерді құрады: жаздық арпа – 1510 гектар, жемдік жүгері – 56 гектар, күздік бидай – 1010 гектар, майбұршақ – 45 гектар, картоп- 97 гектар, көкөніс- 402 гектар, жоңышқа-891 гектар, сүрлем жүгері -1180 га, житняк- 5390 га.
Бұл Іле ауданының жалпы егіс алқабының 18,6%.
Дақылдардың өнімділігі туралы
жаздық арпа – 1510 гектар, өнімділік – 2190 тн; 14,5ц/га
жемдік жүгері – 56 гектар, өнімділік – 510тн, 91 ц/га;
күздік бидай – 1010 гектар, өнімділік – 1515 тн, 15 ц/га;
майбұршақ – 45 гектар, өнімділік – 252 тн, 26 ц/га;
картоп- 97 гектар, өнімділік – 1921 тн, 198 ц/га;
көкөніс- 402 гектар, өнімділік – 11658тн, 290 ц/га;
жоңышқа-891 гектар,
сүрлем жүгері -1180 га, өнімділік – 40120 тн, 340 ц/га;
житняк- 5390 га.
2024 жылдың күзінде 2025 жылдың егініне 1065 га күздік дақылдар егілді. Оның ішінде 665 га күздік бидай және 400 га күздік арпа.
Дизель отыны туралы. Көктемгі дала жұмыстарына 109 тонна дизель отыны бөлініп, 76% алынды. Күзгі дала жұмыстарына – 143,8 тонна бөлініп, 85,4 тонна алынды (59%). Қаржылық қиындықтарға байланысты қалған дизель отынынан бас тарттты.
Дақылдардың зиянкестері шегірткемен күресу. 2024 жылы жайылымдық жерлер мен шабындықтардың зиянкестері итальяндық прусқа және жергілікті шегіртке қарсы химиялық өңдеу – 8640 га жүргізілді.
Мал шаруашылығы 01.01.2025 жылғы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының мал саны: ІҚМ- 5312 бас, ұсақ мал – 18605 бас, жылқы – 1736 бас, шошқа -44 бас, құс – 10670 бас.
«Кең дала» несиелеу бағдарламасы бойынша 2024 жылғы көктемгі егістік және жазғы жұмыстарына «Олжас» ШҚ 10 млн. теңге және “Мыңбаев К.” ШҚ – 2,5 млн. теңге несие алып, тыңайтқыш және тұқым сатып алды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелеуге 5 қарыз алушының жалпы сомасы 45,1 млн теңгеге құжаттары СПК «Қонаевқа» қарауына жіберілді. Оның ішінде: 35,9 млн теңгеге сүтті бағыттағы ІҚМ сатып алу үшін 4 қарыз алушы және 9,2 млн теңгеге фаст-фуд көше кафесін ашу мақсатында 1 қарыз алушы.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау шеңберінде округ аумағында 66 дүкен, 11 қоғамдық тамақтану орындары, 3 тойхана, 1 наубайхана, 15 сұлулық салоны мен шаштараз, 9 дәріхана, 4 жанармай құю бекеті, 8 көлік жуу, 9 техникалық қызмет көрсету орындары, 3 қонақ үй, 3 қоғамдық монша жұмыс істейді. Шағын және орта бизнесте жалпы 839 адам жұмыспен қамтылған.
Ақсай ауылдық округі бойынша 2024 жылы 7- дүкен, 2- қоғамдықтандыру орын, 1- дәріхана, 1- СТО, 1- сән салон ашылды.
2024 жылы салық түсімдері бойынша ақпарат
|
Салық түрі |
Бекітілген жоспар |
Нақтыланған жоспар мамыр 2024ж |
Нақтыланған жоспар шілде 2024ж |
Нақтыланған жоспар желтоқсан 2024ж |
Нақты түсімдер 31.12.2024 |
Орындалуы, % |
|
жеке табыс |
48 415 |
48 415 |
209 297 |
253 815 |
221 539 |
87,3 |
|
мүлік салығы |
3 000 |
3 000 |
3 000 |
3 000 |
2 784 |
92,8 |
|
жер салығы |
3 595 |
3 595 |
3 595 |
4 119 |
4 119 |
100 |
|
заңды тұлғалардың көлік салығы |
1 225 |
1 225 |
1 225 |
1 225 |
1 249 |
102 |
|
жеке тұлғалардың көлік салығы |
68 434 |
63 734 |
76387 |
82 389 |
83 820 |
101,7 |
|
жарнама салығы |
490 |
490 |
490 |
490 |
534 |
109 |
|
|
125 159 |
120 459 |
293 994 |
345 038 |
314 045 |
91 |
Білім саласы бойынша
Округ бойынша 5 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, 2025 жылы 01 қаңтарға оқушылардың жалпы саны – 5662, мұғалімдердің жалпы саны – 561.
2024 жылы Екпінді ауылындағы №2 орта мектепке күрделі жөндеуден өткізу бойынша 632,9 млн теңгеге жұмыстары жасалынды.
Округте 735 орындық 9 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, Жауғашты ауылында 2014 жылы салынған 50 орындық №27 орта мектептің жанындағы 1 шағын мектепке дейінгі білім беру орталығы жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау саласы
Округте 2 дәрігерлік амбулатория бар: 1968 жылы салынған Ақсай ауылында және 2014 жылы салынған Екпінді ауылында, онда 13 дәрігер жұмыс істейді. Сондай-ақ Жауғашты ауылында 2017 жылы салынған 1 ФАП бар.
Мәдениет және спорт
Округімізде 1970 жылы салынған 250 орындық 1 Мәдениет үйі бар.Ауылдық кітапхана мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан, кітап қоры – 6 мың кітап.
Ақсай ауылдық округі бойынша 5 шағым футбол алаңы және 4 воркаут спорт алаңы орнатылды.
Әлеуметтік қорғау
Ауыл халқына көмек көрсетудің негізгі тұтқасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) болып табылады. 2024 жылы округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек – 113 отбасына тағайындалды, оның ішінде 669 адам, жалпы соммасы- 69 млн 760 мың теңге.
Әкім аппаратының жұмысы
2024 жыл бойы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 133 өтініш келіп түсті, оның ішінде 11 шағым. Ауызша қабылдауға 128 адам жүгінді. Өтініштерді орындау мерзімдерін бұзушылықтар жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-mezhdurechensk/press/news/details/984249?lang=kk

Жауап қалдыру