
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Бейсекова және Н.Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салады. Сол себепті аталмыш көшелердің қиылысы толық жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жүру арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.
Жұмыстар осы жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейін жүргізілетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/985382?lang=kk

Жауап қалдыру