Астанада Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әл-Фараби даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/984024?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді