
2024 жылғы 23 сәуірде Атырау облысы ТЖД қызметкерлері “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей интернатының базасында республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты.
Конференция аясында қатысушылар мен тәрбиеленушілерге ТЖ кезінде жұмыс істеуге арналған құтқару және арнайы мүліктің заманауи үлгілері көрсетілді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында “Сармат” мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері үшін азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері, оның негізгі міндеттері мен қағидалары туралы ақпарат жеткізілді.
Атырау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/983535?lang=kk

Жауап қалдыру