
2025 жылғы 24 сәуірде Атырау облысы ТЖД қалалық ТЖБ және аудандық ТЖБ өрт сөндіру бөлімдері арасында “ҮЗДІК ГАЗ-ТҮТІНІНЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ” бойынша облыстық жарыс өткізілді.
Облыстық жарыстың басты мақсаты жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен кәсіби шеберліктерін арттыру болып табылады. Жарысқа барлығы 14 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орын иегері – Атырау қ. ТЖБ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, ІІ орын иегері – Атырау қ. ТЖБ № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, ІІІ орын иегері – Атырау қ. ТЖБ № 3 өрт сөндіру бөлімі иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен медальдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/983529?lang=kk

Жауап қалдыру