
2025 жылдың 28 сәуірінде Бесқарағай ауданының мәдениет үйінде 2025 жылға арналған каскадтық оқыту жоспарына сәйкес «Аудан әкімінің сайлауын өткізу кезіндегі учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Семинар-кеңесте аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ж. Баталов, жиналғандар алдында сөз сөйлеп, аудан әкімін сайлау кезіндегі учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды. Семинар барысында слайдтар мен бейне материалдар пайдаланылды.
Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының негізгі заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен таныстырылды.
Семинар соңында АСК мүшелері жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/984996?lang=kk
Жауап қалдыру