Балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру: ШҚО-да сауықтыру лагерлерінің жұмысы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Гылыммедден және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Мақпал Рахимжанова «2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» облыстық семинарына қатысты.

Іс-шараны Шығыс- Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастырды.

Сондай-ақ, семинарға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, ТЖ, полиция және т.б. өкілдері қатысты.

Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен, әдіскерлермен, қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінің директорларымен өзекті мәселелерді талқылап, кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс бағыттарын айқындады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/985504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді