
25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні. Жыл ұраны «Безгекті жоямыз: қайта инвестициялау, қайта ұғыну, жаңарту».
Павлодар облысының СЭБД және денсаулық басқармасымен бірлесіп 25 сәуір мен 23 мамыр аралығында безгектің алдын алу айлығы жарияланды.
Айлықтың мақсаты:
– облыстың медицина қызметкерлерінің безгекке сақтығын арттыру
– облыс тұрғындарының безгектің алдын алудың жеке шаралары туралы хабардарлығын арттыру.
Безгек белгілері
- Қалтырау, жоғары температура (40 °C дейін)
- Қатты бас ауру, тершеңдік
- Қайталанатын қызба ұстамасы
- Тропикалық безгекте симптомдар тез дамиды (48 сағатқа дейін)
Нені білу керек
- Безгек Anopheles тұқымдас аналық масаның шағуы арқылы беріледі
- Қан құю арқылы және анадан құрсақтағы сәбиге жұғуы мүмкін
- Инкубациялық кезең – 7 күннен 3 жылға дейін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/984011?lang=kk

Жауап қалдыру