
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Жезқазған қаласында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ауқымды көгалдандыру іс-шарасы өтті.
Акцияның мақсаты- Жезқазғанның экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектер қорын ұлғайту, халықтың мәдениеті мен табиғатқа деген көзқарасын арттыру.
Акцияға құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, депутаттар мен діни бірлестіктер, ардагерлер мен жастар, сондай-ақ еріктілер белсенді қатысты.
«Наурыз» саябағында 1200-ден астам ағаш және бұта көшеттері отырғызылды.
Департамент акцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіреді және қала тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/985342?lang=kk

Жауап қалдыру