Аудан прокуратурасының бастамасымен «Жас ұрпақ» акциясы аясында жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға прокуратура, полиция, білім бөлімінің басшылары мен ардагерлер кеңесінің өкілі қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді. Мектеп оқушылары әңгімеге белсене қатысып, сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда, мемлекеттік органдар мен халықтың өзара іс-қимылын нығайтуда, сондай-ақ саналы, заңға бағынатын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады
#Заң_және_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/983863?lang=kk

Жауап қалдыру