Халықтың радиациялық қауіпсіздігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Радиациялық қауіпсіздік бағдарламасының басты міндеті және оны қамтамасыз етуге жауапты мамандардың негізгі борышы – иондаушы сәулелену көзінен адамның денсаулығына келетін зиянды шектеу. Бұл қауіп төнуі мүмкін қалыпты жағдайларда да, апаттық оқиғалар кезінде де орын алуы мүмкін. Радиациялық қауіпсіздік жүйесінің негізінде үш маңызды принцип жатыр:

  • Негіздеу: сәулеленуге қатысты кез келген шешім негізделуі тиіс.
  • Оңтайландыру: адамның сәулелену мөлшері мүмкіндігінше аз болуы керек.
  • Нормалау: кез келген жоспарланған сәулелену заңда белгіленген шекті мөлшерлерге сай келуі қажет.

Радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласына келесілер жатады:

  • Сәулелену көздері. Радиация тудыруы мүмкін объектілер: табиғи радиациялық фон немесе арнайы жабдықтар.
  • Сәулелену жағдайлары. Бұл жағдайлар алдын ала жоспарланған немесе кенеттен туындаған апаттық жағдайлар болуы мүмкін.
  • Сәулелену санаттары. Үш түрге бөлінеді: кәсіби, медициналық және халықтың сәулеленуі.

Объектінің ішінде және оның айналасында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін факторлар:

  • жобаның сапасы;
  • орынды аймақты таңдау;
  • радиациялық қауіпті көздерді физикалық қорғау шараларының болуы;
  • аумақты аймақтарға бөлу;
  • технологиялық жүйелерді дұрыс пайдалану;
  • санитариялық және эпидемиологиялық бағалау мен қызметке рұқсат беру;
  • радиациялық бақылау жүйесі;
  • объектінің қалыпты жұмысы кезінде, жаңғырту жұмыстары барысында және эксплуатациядан шығару жағдайында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары;
  • қызметкерлер мен халықтың радиациялық-гигиеналық сауаттылығын арттыру.

Басқарманың бас маманы:                                 Әлия Ысқақова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/983905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді