КЕНТАУДА «ҚАРАТАУ АРУЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қаратау аруы» атты аймақтық арулар байқауы өтті. Бұл байқау Кентау қаласының мәдени өміріндегі маңызды оқиға ретінде атап өтілді.
 
Байқауға аймақтың әртүрлі өңірлерінен келген арулар қатысып, өз өнерлерін, білімдерін және ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, 4 кезең бойынша сайысқа түсті.
 
Бірінші кезеңде әр ару өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде бойларында өнерлерімен тәнті етті. Үшінші кезеңде ұлттық тағамдарды өз қолдарынан әзірлеп ұсынса, төртінші кезеңде салт-дәстүрлерді насихаттайтын қойылымдар көрсетті. Одан бөлек, шара барысында қатысушылардың шығармашылық қабілеттері мен сахна мәдениеті бағаланды.
 
Нәтижесінде әділ қазы алқаларының шешімімен Түркістан қаласының аруы Нұрай Жұпарбек бас жүлде иегері атанды. I орынды Бәйдібек ауданының аруы Кәусар Сайлаубек, ал екінші орынды кентаулық екі ару Ақмарал Абдуғаппарова мен Аружан Жамбул иеленсе, III-орынды Отырар ауданының аруы Ханшайым Досбол, кентаулық Амина Аманжолова мен Аяулым Абдиханова иеленді.
 
«Қаратау аруы» байқауы Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойын атап өту аясында өткізілген көптеген мәдени іс-шаралардың бірі болды. Мерейтой аясында қалада түрлі концерттер, көрмелер және спорттық жарыстар ұйымдастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/983458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді