
2025 жылғы 18 сәуірде Лисаковский өңірілік мемлекеттік архивінің архившісіі Д.С.Ергазиева Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 – жылдығын мерекелеуге арналған «Глазами тех, кто был в бою» атты Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Лисаковский техникалық колледжі» мемлекеттік бюджеттік мекемесі студенттеріне арналған мектеп сабағың өткізді.
Мемлекеттік архив маманы студенттерге Лисаков қаласынан келген Ұлы Отан соғысының ардагері Бинеев Бақытжанның өмір жолы және соғыс туралы естеліктерімен таныстырды.
Іс-шара кездесу барысында балалар тылдағы ауыр жұмыс күндерімен танысты. Соғыс – адам өміріндегі ең қайғылы оқиға. Ол өзімен бірге азап пен жоғалтуды, қатыгездік пен жойылуды, көптеген адамдар, ең алдымен балалар бұл уақытта ең қорғансыз және осал болып табылады.
Ұлы Жеңіс күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
Ергазиева Д.С. презентация ұсынып, студенттерге «Сұрақ-жауап» викторина дайындады, викториналық сұрақтарға студенттер дұрыс жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/983828?lang=kk

Жауап қалдыру