МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 24 сәуірде Мәртөк аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде үш мәселе талқыланды. Бірінші мәселе Мәртөк ауданының әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарына жеке санаттар бойынша көмек көрсету тәртібін қайта қарауға қатысты болды. Аталған мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Б. Коптлеуов шешімге енгізілетін өзгерістердің мән-жайын түсіндірді.

Екінші мәселе – 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Т. Биктемирова баяндама жасап, туристік саланы дамыту мақсатында ұсынылған мөлшерлемені таныстырды.

Үшінші мәселе – 2025 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы болды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Т. Жұмабаева баяндама жасап, бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді бөлінуін қамтамасыз ету бағытында ұсынылған түзетулерді ұсынды.

Отырыстың қорытындысы бойынша барлық мәселелер депутаттар тарапынан талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/983170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді