
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Мемлекеттік гранттар беру қолға алынғалы бері ауданымыздағы бірқатар тұрғындар осы қолдауға қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетуде.
Ауданымыздағы Бөржар ауылдық округіне қарасты Ықыластемір ауылының тұрғыны Өмірзақов Мақсат аталған мемлекеттік бағдарламаға қатысып, комиссия шешімімен грантқа ие болды. Жоспарлы жобасын жүзеге асыру мақсатында жылыжай салып, бүгінде қарбыз, қызанақ және қияр көшеттерін баптап отыр.
Шаруашылығын дамыту жолында еңбек етіп жүрген жерлесіміздің қарекеті – өз кәсібін бастағысы келетін азаматтарға тамаша үлгі!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/983446?lang=kk
Жауап қалдыру