Мемлекеттік органдардың Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдеріне семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен маңызды семинар өтті. Аталған іс-шара Мемлекеттік органдардың Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Мақсотовнаның қатысуымен ұйымдастырылып, экстремизмнің алдын алу бағытында өткізілді.

Семинар барысында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің осы мәселеге қатысты жауапкершілігі және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолдары кеңінен талқыланды. Б. Мақсотовна өз сөзінде экстремистік идеологиялардың таралу қаупі, оған қарсы күрестің құқықтық негіздері мен профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау, діни сауаттылықты арттыру, және халықпен жұмыста салиқалы әрі дұрыс бағыт ұстану керектігі атап өтілді.

Семинар қатысушылары өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, болашақта атқарылатын алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар қабылданды.

Мұндай іс-шаралар қоғамдағы рухани тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әсіресе жастар арасында жат идеологиялардың таралуына қарсы тұруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/983393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді