«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қарабас ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбында әдеби портрет өткізілді. Шара барысында кітапханашы Абайдың өмір жолы, шығармашылық ерекшелігі, қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы кеңінен баяндады. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, оның адамгершілік, еңбек, білім туралы ойларына талдау жасады. Сонымен қатар, «Хакім Абай – халық жүрегінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары мен ол туралы зерттеу еңбектерге шолу жасалды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/983763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді