Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев Тайтөбе ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тайтөбе ауылының әкімі Парасат Досмағамбетов ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндама жасады.

Кездесуде тұрғындар тарапынан электр жарығының қуатын арттыру, жол құрылысы, ауыз су мен кәріз жүйесі желілерін салу жұмыстары бойынша сұрақтар көтерілді. Қала әкімі Азамат Қапышев әр мәселені жіті назарға алып, жауапты басшылар мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесуден кейін әкім тұрғындармен бірге ауылды аралап, тыныс-тіршілігін бақылап шықты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/984365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді