
Ағымдағы жылғы 17-25 сәуір аралығында облыс аумағында «Мерген» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында тіркелген азаматтық қару иелері тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріледі.
Сонымен қатар, 21 сәуірден бастап тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізілуде.
Өздерінде сақталған тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына жүгіне алады.
Тапсырылған қаруға материалдық төлемдері әр бірлік үшін 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай сыйақы төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/984104?lang=kk

Жауап қалдыру