САРЫАҒАШ: ЖАСТАР  АУЫЛ АУМАҒЫНА  АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Таза Қазақстан» аясында Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар ауылының жастары   аудандық мәслихаттың депутаты Нұрболат Арапбаев « Бүркіт» спорт алаңына ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы  200   түп шынар, қара тал ағаштарын отырғызу жұмыстарына ауылдың 100- ге жуық  жасы  белсене атсалысты. Оған қоса, жастар  шөп ору, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

 

Ауыл жастары тарапынан  тұрақты түрде  ауылды абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың бірлігі мен ынтымағы, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсаттарында ауқымды шараларды атқаруды жоспарлаған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/985317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді