Таза Қазақстан: Ақтөбеде жастар тарихи ескерткіштердің айналасын тазартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін, Ақтөбе қаласының 312-атқыштар дивизиясы мен 101-атқыштар бригадасына арналған «Зеңбірек» ескерткішобелискісінің жанында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ісшара өтті.

Ісшара аясында ескерткіш маңын абаттандыру және оған іргелес аумақты тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар ескерткіш айналасын қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, аумақты тәртіпке келтірді.

Аталмыш шара облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Ісшараның мақсаты – тарихи жадымызды сақтау, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондайақ азаматтардың батырлардың қаһармандық өткеніне деген құрмет сезімін және мәденитарихи мұраны сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Акцияға жастар және еріктілер ұйымдарының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондайақ қала тұрғындары қатысты.

«Бүгінгі сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, бұл – біздің бірлігіміздің және ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Табиғат – бұл біздің мұрамыз. Оны аялау мен қорғау – болашақ ұрпаққа деген қамқорлығымыз», – деді волонтер Абыл Кенжебек.

Ісшараға қатысушы Жансейіт Қуандықов та өз пікірін білдірді:  

«Абаттандыру жұмыстары – адамдарды біріктіретін, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын игі дәстүр. Бұл күн – жай ғана қоқыс жинау емес, бұл – еңбек арқылы тәрбиелеу, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету күні. Бәріміздің бірігіп атқарған еңбегіміз – қаламыздың көркейіп, көгалданып, жайқалып тұруына септігін тигізеді. Осындай ісшаралар арқылы біз тек тазалықты ғана емес, қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты да дәріптейміз», – деді ол.

Мұндай ісшаралар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын және азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады және қоғамды ортақ құндылықтар – тарихи жады, бейбітшілік пен қоршаған ортаны таза ұстауға біріктіруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/984445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді