ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау, «Таза Қазақстан» аясында  Сарыағаш ауданында  сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Осы ретте, бүгін ұйымдастырылған жалпы аудандық сенбілік жұмыстары барысында  республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды  тазалау, жол жиегіндегі шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына  4 арнайы техника, 700-ден  жуық адам жұмылдырылды.

Жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.

 Барлық аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/984437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді