Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тапсырмасына сәйкес әр аптаның сенбі күні “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы шеңберінде аудан аумағындағы барлық округтерде (1 қала, 12 ауылдық округ) тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сәуір айында жалпыаудандық сенбілік Қасқасу ауылдық округінің Сайрамсу мен Ленгір қаласының “Ленгерка” өзені жағалауында өткен болатын.
Ал бүгін тазалық жұмыстары Ақмешіт, Біркөлік шатқалында, өзен жағалауында ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер жалпы 300 адам қатысып, 15 техника жұмылдырылып, 15 км жол бойы, өзен жағалауы тазаланды. Тазалық шарасына қатысушылар өздеріне бөлінген аумақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, тазалықты сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасады.
Жауап қалдыру