Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Кеңес Одағының Батыры Е.А. Хачиннің туғанына 110 жыл толуына орай»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын және Кеңес Одағының батыры Е. А. Хачиннің 110 жылдығын мерекелеу аясында 2025 жылғы 16 сәуірде Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкері Жітіқара қаласындағы № 10 жалпы білім беретін мектепте  сабақ өткізді және Егор Андреевич Хачиннің жеке текті түпнұсқа құжаттарының экспозициясын рәсімдеді.

Оқушыларға Кеңес Одағының Батыры куәлігімен, оның орден кітапшасымен, Болгария қолбасшылығының «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін» медалімен танысуға, сондай-ақ фотосуреттерді, газет мақалаларын және Құрмет грамоталарын зерделеуге мүмкіндік берілді. Оқушылар атақты батыр туралы әңгімеге үлкен қызығушылық танытты, бұл экспозицияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ата-бабаларымыздың соғыс жылдарындағы ерлігіне, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/983810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді