
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қылмыстық құқық бұзушылықты, сондай-ақ заңнаманы өзге де бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюға бағытталған ұсынымды қарады.
Ұсынысты қарау шеңберінде жекелеген лауазымды тұлғалардың қызметінде жіберілген анықталған фактілерге баға берілді, сондай-ақ болашақта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған шаралар талқыланды.
ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері арасында заңдылықты қатаң сақтау, ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маңызды басымдығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың пайда болуына ықпал ететін факторларды жүйелі түрде алдын алу және жою болып қала береді», — деп атап өтті Департамент басшысы Асхат Оразхан.
Сонымен қатар, осындай онлайн-кеңес Есіл ауданының әкімдігімен өткізілді.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/985278?lang=kk

Жауап қалдыру