ЖАҢАҚАЛАДА ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖАҢАҚАЛАДА ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

2025 жылдың 16 сәуір күні Жаңақала ауданы орталығында 300 шаршы метрді құрайтын жаңа Жастар орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі А.Көшкінбаев, БҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Ибраев, Аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары, БАҚ өкілдері, аудан ардагерлер және жастар қатысты. Алғы сөзді аудан әкімі А.Көшкінбаев алып, аудан жастарын құттықтап әр кезде қолдайтынын білдірді. Кейін БҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Ибраев жаңадан салынған Жастар орталығынының ашылуымен құттықтап, айтыскер ақын Д.Нысанғалиев жастарға өз  арнауын арнап орталықтың лентасын кесті. Шара соңы жастардың ұсыныс-пікіріне  жалғасты.

 Жастар орталығы замануи коворкинг орталығымен, Психолог кабинеті, үстел теннисі, әр-түрлі үстел ойындарымен, оқырман залы, арнайы сұқбат (подкаст) түсіретін кабинетпен және т.б. заманауи құралдармен жабдықталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/985289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді