
Жол қателіктерді кешірмейді. Қарапайым ережелердің өзі сақталмаса, үй мен мектеп арасындағы қысқа жол да қауіпті болуы мүмкін. Баланы жазатайым оқиғадан қорғау үшін ерте кезден оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету маңызды.
Ата-аналар нені есте ұстауы керек:
- Өзіңіз үлгі болыңыз. Балалар ересектерден көргенін істейді. Жолды тек жасыл шам жанғанда және рұқсат етілген жерден өтіңіз;
- Ережелерді үнемі түсіндіріңіз. Қайталау – есте сақтаудың кілті. Жаяу жүргіншілер өткелінің не үшін қажет екенін, бағдаршамның қалай жұмыс істейтінін, көліктегі “соқыр аймақ” деген не екенін айтыңыз.
- Жолда құлаққап киюге немесе телефонға қарауға рұқсат бермеңіз. Бұл мұқияттылықты азайтып, қауіпті жағдайға әкеп соғуы мүмкін.
Бала нені білуі керек:
- Жолды тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда және жаяу жүргіншілер өткелі бар жерден өтуге болады.
- Жолда немесе жолдың маңында ойнауға қатаң тыйым салынады.
- Егер доп немесе ойыншық жолға шығып кетсе, ересек адамды шақыру қажет.
- Аулада да мұқият болу маңызды, себебі көлік гараждан немесе автотұрақтан күтпеген жерден шығу мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/985410?lang=kk

Жауап қалдыру