
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жасұлан Сәдуақасовпен бірлесіп ТМ-II, ТМ-VII жылу магистральдарын реконструкциялаумен танысу мақсатында жүмыс сапарында болды.
Сапарлың мақсаты жылу магистральдарын реконструкциялау жөніндегі жұмыстардың барысын бақылау және танысу болып табылады.
Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар жылу трассаларының учаскелерін ашуға және құбырларды бөлшектеуге кірісті.
Жылу магистральдарын реконструкциялау бойынша жұмыстарды орындау мерзімі 7 айды құрайды, аяқталуы ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланып отыр.
Сапар инфрақұрылымдық жобаларды қоғамдық бақылаудың маңыздылығын көрсетеді және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Жылу магистральдарын қайта жаңарту жұмыстар аяқталғанға дейін мәслихат пен қала жұртшылығының тұрақты бақылауында болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/983780?lang=kk

Жауап қалдыру