18 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында Оқушылар сарайының Кәсіби құзыреттілік және мансаптық өсу орталығы мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ұйымдастыруымен III қалалық туристік квест өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында Оқушылар сарайының Кәсіби құзыреттілік және мансаптық өсу орталығы мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ұйымдастыруымен III қалалық туристік квест өтті. Қатысушылар қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары. Квест интеллектуалды және спорттық кезеңдерді қамтыды, балалар квестті қуана өтті.
Келесі орындар берілді:
Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы – 1 орын
№ 2 жалпы білім беретін мектебі – 1 орын
Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі – 2 орын
№ 7 жалпы білім беретін мектебі – 2 орын
С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі – 3 орын
№ 12 жалпы білім беретін мектебі – 3 орын
Сондай-ақ, қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алуға болатын танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара соңында барлық командалар дипломдармен, сертификаттармен және кубоктармен марапатталды, ал топ жетекшілері мен кәсіби бағдар берушілерге алғыс хаттар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/983294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді