2025 жылғы 15-23 сәуірі аралығында дәрігерлер 10-11-сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру әңгімелесулерін өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы арасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбие беру жөніндегі бірлескен жоспар аясында 2025 жылғы 15-23 сәуірі аралығында дәрігерлер № 2, 6, 7, 11 жалпы білім беретін мектептерінің 10-11-сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру әңгімелесулерін өткізді.

✔️Дәрістің негізгі мақсаты-жасөспірімдерде ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар мен ұлдардың жеке гигиенасын сақтау, жыныстық тәрбие беру. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпарат берілді.

✔️Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды. Қамту 263 оқушыны құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/983286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді