
26 сәуір күні, бүкіл республика көлемінде жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламызда жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілік Аксу өзенінің жағалау аумағында өтті.
Іс-шараға әкімдіктің қызметкерлері мен қалалық мәслихат өкілдері белсенді қатысып, үлгі көрсетті. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің қызметкерлері белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Мектептердің аумақтарында тазалау және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.
Таза қала – жарқын болашақтың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/985101?lang=kk

Жауап қалдыру