
2025 жылғы 26 сәуір күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу және “Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз” атты қозғалыс аясында Абай облысында “Бәйге” федерациясы” Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі Маусымашар ат жарысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-бабаларымыздың ерлігіне тағзым ете отырып, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту болып табылады.
Ат жарысына өңірдің әр түкпірінен келген шабандоздар қатысып, ұлттық ат спортының үздік үлгісін көрсетті. Көпшілік көрермен жарысты зор қызығушылықпен тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетті.
“Бәйге” федерациясы” ҚБ алдағы уақытта да ұлттық спортты дамытуға және қоғамда тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған шараларды жалғастыра бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/985053?lang=kk

Жауап қалдыру