
Әділ билер Республикалық Қоғамдық Бірлестігі мен Шымкент қаласы Әділет департаменті Құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қояды.
Шымкент қалалық Әділет департаменті мен Әділ билер Республикалық Қоғамдық бірлестігі арасында халыққа құқықтық көмекті қолжетімді ету мақсатында маңызды меморандумға қол қою жоспарлануда. Осыған орай, бүгін Әділет департаментінің басшы орынбасары Б. Усипбеков Әділ билер РҚБ мүшелерімен кездесіп, халықтан жиі түсетін мәселелер бойынша кеңес өткізді.
Кездесуде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды көмек алу мүмкіндіктерін оңтайландыру бағытында бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Меморандум аясында әрбір азаматқа кәсіби құқықтық көмек көрсетуге ерекше назар аударылып, құқықтық кеңестер мен шешімдер беру жұмыстарын жүйелеу жоспарлануда.
Бұл келісім, өз кезегінде, қала тұрғындарының құқықтық мәселелерін шешуге тиімді әсер ететінін және заңды көмекке деген қолжетімділікті арттыратынын көздейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/984788?lang=kk

Жауап қалдыру