
Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен Ақмола облыстық мәслихатында экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы туралы есеп тыңдалды .
Негізгі баяндамамен басқарма басшысының м. а. Азамат Байқуанышев сөз сөйледі. Ол 2025 жылға арналған бюджет шеңберінде тұрғын үй құрылысын дамытуға 9,4 млрд теңге қарастырылғанын хабарлады. Оның ішінде 2,6 млрд теңге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 188 пәтер сатып алуға, 400 млн теңге – Ұлттық қордан инженерлік желілер салуға, ал 6,4 млрд теңге – облыстық бюджеттен тұрғын үйлер мен тиісті инфрақұрылым салуға жұмсалады.
Ағымдағы жылы облыста 1709 пәтерді қамтитын 33 көппәтерлі үй салу жоспарлануда. Оның ішінде 9 үй жалға берілетін тұрғын үйге (385 пәтер), қалған 25 – кредиттік тұрғын үйге (1324 пәтер) арналған. Жыл соңына дейін 24 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 932 пәтерді құрайды.
2025 жылы тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарланған көлемі 665 мың шаршы метрді құрайды. Бұл ақмолалықтардың 6 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қосымша баяндамашы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бахидбек Оспанбеков болды. Ол жобалау және құрылыс кезеңдерінде барлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жиналғандардың назарын ведомствосындағы мамандардың жетіспеушілігіне аударды. Құрылыс кодексінің жаңа редакцияда қабылдануы МСҚБ басқармасы қызметкерлерінің объектілерді қабылдауға міндетті қатысуын заңнамалық тұрғыдан бекітеді.
Талқылау барысында депутаттар бірқатар мәселелерді қозғады. Степногорск мәслихатының төрағасы Олжас Джагпаров облыстық құрылымдар тапсырыс беруші болып табылатын бірқатар объектілерде авторлық және техникалық қадағалаудың жоқтығын атап өтті. Ол осындай құрылыстарға қоғамдық бақылауды енгізуді ұсынды. Депутат Нұрлан Тәжин Астрахан ауданында әлеуметтік нысандар құрылысының барысына назар аударды. Әбілқайыр Ошақбаев ауылдық елді мекендерге қоныс аударатын қандастар үшін тұрғын үй салу туралы бастама көтерді.
Депутат Ошақбаевтың шаруашылық жүргізуші субъектіден ауылдық жерлердегі мамандарға жаңа тұрғын үй салу жағдайында мүмкін болатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрағына ведомствоның өкілі Азамат Байқуанышев қазіргі уақытта Үкіметте ҚР өнеркәсіп Комитетінде жаңа тұрғын үй салу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге 10 млн. теңгеге дейінгі сомаға субсидия беру туралы құжат дайындалып жатқанын түсіндірді (ескерту: Бұрын 5 млн.теңгеге дейінгі сома көзделетін).
Әлеуметтік сала объектілеріне ерекше мән беріледі. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында балаларға арналған оңалту орталығының құрылысы ерекше бақылауда. Жобалық құжаттаманы түзетуге байланысты объектіні енгізу мерзімі өзгертілді.
Депутаттар Руслан Шамкенов, Айдын Төребаев және Берген Беспалинов құрылыс жұмыстарының сапасының төмендігі, объектілерді тапсыру мерзімдерінің бұзылуы және құжаттаманы ресімдеу сатысындағы кідірістер проблемаларын атап өтті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы бойынша медициналық мекемелердің құрылысына қызығушылық артты.
Бурабай ауданының депутаты Қалел Рахматулин, облыстық «Бурабай» балаларды оңалту орталығының бас дәрігері өңірдегі осы нысандарды тапсыру мерзіміне қызығушылық танытты. Баяндамашы осы жоба бойынша құрылыс жұмыстарының кестесіне сәйкес барлық нысандар мерзімінде және тиісті сапада тапсырылатынын айтты.
Аршалы ауданының депутаты Руслан Шамкенов фото -, бейнематериалдарды ұсынып, Арнасай кентіндегі дәрігерлік амбулатория объектісіне мемлекеттік органдардың назарын аударды. Мердігерлік жұмыстарды сапасыз орындау фактілері туралы хабарлады.
Азамат Сабыржанұлы депутаттық корпус тарапынан жергілікті жерлерде құрылыс процестерінің орындалу барысына белсенділігі мен назар аударғаны үшін алғысын білдіріп, барлық ден қою шаралары қабылданатынына сендірді.
«Біз Ақмола облысының құрылыс саласындағы барлық процестердің барынша тиімділігі мақсатында мемлекеттік органдар мен мердігерлердің назарын аудару және жүйелі мониторингті жолға қою міндетімен а.ж. сәуір айында отырысымызды әдейі өткіззіп отырмыз», – деп атап өтті отырыс қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Марат Қойшыбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/984717?lang=kk

Жауап қалдыру