Ақмола облысының прокуратурасының шаралары бойынша балаларға арналған спорт секцияларына кезек ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қ. прокуратурасы «Damu bala» электрондық платформасында спорт секцияларындағы кезекті негізсіз тоқтату фактісі бойынша талдау жүргізді.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ағымдағы жылы балаларға арналған Көкшетау қ. аумағында орналасқан спорт секцияларына кезек 5 қаңтарда (жылдың бірінші жұмыс күні) ашылуы тиіс болатын.

 

Алайда, уәкілетті орган осы уақытқа дейін кезекті ашпаған, бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзды.

 

Қала прокуратурасы қабылдаған шаралармен спорт секцияларына қабылдау кезегі ашылды және 3,8 мың баланың құқығы қорғалды.

 

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/985064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді