Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко да қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Ассамблея – еліміздің тұтастығын нығайтатын басты институт. Бұл – бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттай отырып, қазақстандық азаматтық бірегейлікті қалыптастыратын бірегей алаң” – деп атап өтті. Расымен де, 30 жылға жалғасқан бірлігіміз бен татулығымыз тұрғанда, біздің еліміз мәңгі жасап, барынша өркендейтін болады.

Бүгінде Павлодар облысында мәдени мұраны сақтау мен қоғамдық келісімді нығайту бағытында 118 этномәдени бірлестік жұмыс жасап жатыр. Облыстық мәслихаттың депутаттары да халық арасындағы бірліктің нығаюына барынша күш салуда. Сондай-ақ, Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Б. Ш. Максилова – «Парасат» орденімен және облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық Ассамблея жастарының төрағасы Р. Р. Смаилов – «Шапағат» медалімен марапатталды. Жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз🙏

Сонымен қатар, аталмыш сессияға Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарындағы мәслихат төрағалары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-obl/press/news/details/984917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді